Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте топ жарды Robert Prange/Getty Images

Анна Данилина әлемнің үздік теннисшілер тізіміндегі позициясы өзгерді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA рейтингісінде 235 орынға жоғары көтерілді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Данилинаның жекелей сындағы позициясы 723-ші орында. Ал жұптық сында 49-шы орыннан 48-ші орынға көтерілді. 

Анна Данилина – «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сын бойынша жеңімпазы, WTA турнирлерінің жеңімпазы және жұптық сында өнер көрсететін Қазақстанның бірінші ракеткасы.