“Қорқаулар тістеп-талап, өлтіріпті”: белгілі ақын марқұм Шерзатқа өлең арнады Фото-коллаж: KYN.KZ

Дәурені жүріп тұр-ау шибөрінің, Қиналмай бөлтіріктің қиды өмірін

Ақтөбелік ақын Ершат Қайболдин Талғарда төбелес кезінде аяусыз өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болатқа өлең арнады, деп Dopmedia.kz тілшісі KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жантебірентер өлеңін өзінің желідегі парақшасында жариялады. 

(Шерзаттың рухына)
Бөлтірігім

Арланның артындағы бөлтірікті,
Қорқаулар тістеп-талап, өлтіріпті.
Қасқырдай қандасына қас қылмайтын,
Сағындым Сақ пен Ғұнды, Ер Түрікті.

Дәурені жүріп тұр-ау шибөрінің,
Қиналмай бөлтіріктің қиды өмірін.
Көкбөрім көкке қарап ұлыса да,
Шешкен жоқ құл қамытын, би бөрігін.

Өлеңді оқыған желі қолданушылары көздеріне жас алып, ақынға шығармашылық табыс тіледі. 

Олар “Сол баяғы сор қазақ, намысты үйретпейміз ау ұлымызға”, “керемет туынды”, “төбем шымырлап кетті ғой” секілді пікірлер қалдырды. 

    Көп оқылды: