Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты Clive Brunskill/Getty Images

Ширек финалда Рыбакина Олимпиада жүлдегерімен кездеседі

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2024 додасында төртінші ойынын өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Турнирдің 1/8 финалдық кезеңінде Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 18-орында тұрған ресейлік теннисші Анна Калинскаямен кездесті. Калинская жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартып, матч мерзімінен бұрын аяқталды. Елена Рыбакина 6:3, 3:0 есебін тіркеп, жарыстың ширек финалына өтті. 

Ширек финалда қазақстандық спортшы украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. Айта кету керек, Свитолина – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.