Чемпиондар лигасы: молдавалық команда Шымкентке келе жатыр

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 10 шілде күні өтеді.

Молдавияның «Петрокуб» командасы бүгін Қазақстанды бетке алады.10 шілдеде Шымкенттің «Ордабасы» командасына қарсы Чемпиондар Лигасының 2024/25 маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын ойнайды, – деп хабарлайды Dopmedia.kz сайты Moldfootball.com сайтына сілтеме жасап.

«Команда алдымен Стамбулға, содан кейін Қазақстанға барады. „Петрокуб“ Шымкентке ертең таңғы 4:40-та келіп, матчқа демалу мен дайындалуға жеткілікті уақыт алады», — деп хабарлайды дереккөз.

Еске сала кетейік, алғашқы ойын 10 шілдеде Шымкентте, ал жауапты матч 17 шілдеде Молдавияда өтеді.