Иран мемлекетінің танымал үш спорт түрінің бірі - футбол
Иран мемлекетіндегі алғашқы тарихи ойын 1898 жылы Исфахана қаласының британдық тұрғындары мен армениялық команда арасында өткен,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Британдық балық аулаушылар спорттың бұл түрін Иран мемлекетіне 1907 жылы ресми түрде алып келді. Бастапқы уақытта футболға қызығушылық танытқан жігіттер жергілікті тұрғындар тарапынан ұрып-соғылып, тіпті үстеріне тас да лақтырылатын. Неге? Себебі, халық «футболды» дін тұрғысынан қате ойын деп санаған екен.
Дәл сол жылы Ұлыбритания елшісі Иран мемлекетінде алғашқы футболдан турнир ұйымдастырды. Турнирге тек үш мемлекет қатысты. Олар: Ұлыбритания елшілігі, Персияның империялық банкы және Үнді-Еуропалық телеграм компаниясы.
Уақыт өте келе футбол ойындарын ұйымдастыру үшін Тегеран футбол ассоцияциясы құрылды. Алғашқы ойындарда британдық ойыншылар ғана өнер көрсететін. Кейін, көшеде жүрген әр ирандық тұрғын доп тебуге шақырыла бастады. Ойындар Машк алаңының айналасында өткізілетін.
Иран футбол тарихындағы алғашқы футболисты- Карим Занди. Ол жасыл алаңда 1906-1918 жылдар аралығында өнер көрсетті. Аталмыш уақытта ирандықтардың тарапынан футболға деген қызығушылықтары айтарлықтай өсті.
Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін 1920 жылы бірінші Иран футбол ассоцияциясы (Majmaa-I Football-i Iran) құрылды. «Иран клуб» футбол клубы да дәл сол жылы құрылып, болашаққа нық қадам басты. 1923 жылы «Иран клуб» Тегеран Футбол ассоцияциясының кубогын жеңіп алды.
1923 жылы Иранның астанасы Тегеран қаласында «Тегеран клуб» футбол командасы құрылды. 1925 жылы «Тегеран клуб» британдық Тегеран құрамасын финалда жеңіп кетіп, нәтиже көрсете бастады.
1950-1960 жылдары Иранда бірқатар жаңа футбол клубтары ашыла бастады. Олардың қатарында: «Шахин», «Огаб» және «Тадж» командалары бар еді. Нәтижесінде, Иранда ұлттық лиганы құру туралы шешім қабылданды.
Алайда, Ислам революциясы кезінде 1980 жылдары мемлекет тарапынан футболға тиым салынды. Сонымен қатар, әйел адамдардың футбол ойындарына көрермен ретінде келулеріне де рұқсат етілмеді.
Алғашқы сырт алаңдағы ойынын «Тегеран XI» командасы 1926 жылы Бакуде өткізді. Араға үш жыл салып, 1929 жылы қарымта матч Иранда өтті. Өкінішке қарай, алаң иелері жеңіліс тапқаннан кейін ирандықтардың футболға деген ынтасы мен құрметі азайып, күрт қызығушылықтары жоғала бастады.
Иран ұлттық құрамасының алғашқы бапкері ретінде Хоссейн Садахяни тағайындалды. Садахянидің тұсында ұлттық құраманың бірінші ойыны 1941 жылы 25 тамыз күні өтті. Құрама ауғандықтардан жеңісті жұлып әкеткен болатын.
Соғыс жылдарынан кейін Иран футболы нағыз триумф жасай бастады. 1968 , 1972 және 1976 жылдарда ирандықтар Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 1998 жылы өткен Әлем чемпионатына жолдама алып, АҚШ ұлттық құрамасын 2:1 есебімен ойсырата жеңіп кеткен болатын.
Қазіргі таңда футболдан Иран ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерден сүрінбей өтіп, халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп жүр.
Айта кетейік, 30-шы тамыз бен 1-ші қыркүйек күндері Астана қаласында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Иран ұлттық құрамаларыны арасында тартысты ойын өтеді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)