UFC президентіне қазақтар талап қойды
Қазақстандық жанкүйерлер UFC промоушенінің президенті Дана Уайттың әлеуметтік желідегі жазбаларына жаппай пікір қалдырып, өз талаптарын жеткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Отандық жанкүйерлер жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасында титулдық жекпе-жек ұйымдастыруды сұрауда.
Бір жанкүйер өз пікірінде: "Шавкат vs Белал. Шавкат оны жеңеді," – деп сенім білдірді.
Тағы біреуі: "Шавкатқа титулдық жекпе-жек қажет! Оны ұзақ күттірмеңіз! Шавкат бұған лайық!" – деп жазды.
Үшінші жанкүйер Дана Уайтқа тікелей үндеу жасап: "Дана, біз Шавкат пен Белалдың жекпе-жегін көргіміз келеді, бұл іске ассын," – деп мәлімдеді.
Тағы бір оқырман: "Дана! Шавкат пен Белалдың жекпе-жегін ұйымдастыр! Мұны жүзеге асыр!" – деп талап етті.
Естеріңізге сала кетейік, Белал Мухаммад 27 шілдеде британдық Леон Эдвардсты жеңіп, жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанды. Ал Шавкат Рахмонов бұл титулға негізгі үміткер ретінде саналады. Ол соңғы рет октагонға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды жеңген болатын.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?