Дмитрий Биволдың жеке өмірі туралы айтып берді
IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Бивол боксшының өткен жекпе-жектерден тапқан гонорарлары туралы ашық айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Екатерина Биволдың айтуынша, Дмитрий Бивол әрбір жекпе-жегі үшін миллиондаған доллар табыс табады.
«Смитке қарсы жекпе-жек үшін екі миллион доллар, бірақ таза табыс бір миллион болды», – деп мәлімдеді Екатерина Бивол «Бокс. Обзоры от Дмитрия» YouTube арнасына берген сұқбатында.
Сондай-ақ Екатерина Бивол бұрынғы күйеуінің Канеломен кездесуінен қанша табыс тапқанын да жасырмады.
«Бес миллион доллар. Бірақ соңында Димада екі жарым миллион ғана қалды, себебі менеджерге, салыққа және басқа шығындарға төлеу қажет болды», – деп түсіндірді Екатерина.
Оның айтуынша, ол Бивол мен Канело арасындағы жекпе-жекке қатысты келісімшартты өз көзімен көрген.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)