ҚР Спорт және Туризм министрі өзінің лауазымынан босатылды
Қазақстан Республикасының Спорт және Туризм министрі Ермек Маржықпаев өзінің қызметінен босатылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Мемлекет басшысының жарлығын Ақорда жариялады.
Айта кетейік, Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Спорт және Туризм министрі лауазымына 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.