Шерзатты өлтірген күдіктілердің "қазы-қарта асап" жатқаны рас па? (видео) Фото ашық дереккөзден

Дөп медиа

9 қазан, 2024

981

Жасөспірімді өлтірген күдіктілерге қатысты жаңа ақпарат шықты

Алматы облысы Талғар қаласындағы болған оқиғаға қатысты күдікті деп танылғандардың қазіргі жағдайы жайлы пікір айтылды. 16 жастағы жасөспірім Шерзаттың қазасына қатысты марқұмның әпкесі түсінік беріп, күдіктілердің тергеу изолциясындағы "қазы-қарта асап, мамық жастықта жатқанын" баяндап берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, 16 жастағы жасөспірім Шерзаттың қазасына қатысты марқұмның әпкесі түсінік берген. Ол күдікті ретінде ұсталған 7 адам жеті түрлі камерада екенін, көзінен өкініш байқамағанын айтып, күйінішін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Шерзаттың әпкесі Президентке үндеу жолдады