Оның айтуынша, ол қазақ тілінде сұқбат бергісі келеді
Қазақстандық жүзгіш Софья Сподаренко қазақ тілін үйренудегі жетістіктерін бөлісті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
26 жастағы спортшы өткен жылы Қазақстанға оралып, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі атанды. Бұрын Ресей атынан өнер көрсеткен Софья жақын арада қазақ тілінде сөйлейтіндігіне сенімді.
«Бірінші сынып оқушыларына арналған мәтінді оқып, қатты қуанып жүрмін. Тағы бес сабақ бұрын бұл маған үш абзацтан тұратын әзіл сияқты көрінетін. Қазақ тілін үйренуге өзімді қанаттандыру қиын, себебі менің мектептен алған ешқандай білім базам жоқ. Барлығын нөлден бастадым, емтихан тапсыруым керек емес, дедлайн да жоқ; Қазақстанда бірнеше мемлекеттік тіл бар. Сондықтан мен өзіме мақсат қойдым. Қазақ тілінде сұқбат бергім келеді. Қиялдап кетемін: бірдеңе ұтып алдым, микс-зонаға шығып, менен сұрақ қояды, ал мен «көп рақмет» деп жауап беремін», – деп жазды спортшы әлеуметтік желілерде.
Софья Сподаренко Өскемен қаласында дүниеге келген, бірақ бала кезінде ата-анасымен бірге Ресейге көшіп кеткен. 2022 жылдың маусым айында Софья туған жеріне оралып, бірнеше айдан кейін Қазақстан азаматтығын алды.