Гран-при турнирінен балуан қыздар олжалы оралды
Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияның Мадрид қаласында өткен Гран-при турнирінде төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Біздің спортшылар үш күміс және бір қола жүлдені иеленіп, халықаралық турнирді қанжығалары майланды.
Ирина Казюлина (65 кг дейін), Жәмила Бақбергенова (72 кг дейін) және Эльмира Сыздықова (76 кг дейін) тұғырдың екінші сатысынан көрінсе, Лаура Алмағанбетова (57 кг дейін) үшінші орынды місе тұтты.