Португалиялық шабуылшы зейнетке шыққаннан кейін не істемекші?
Португалия ұлттық құрамасының капитаны, "Аль-Наср" футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду зейнетке шыққаннан кейін ұлттық құрама бапкері атанып немесе мадридтік "Реалға" жетекшілік етуі де мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Мұндай пікірмен "Манчестер Юнайтед" футбол клубының ойыншысы Майкл Оуэн бөлісті.
Криш зейнетке шыққаннан кейін немен айналысатыны бәрімізге қызық шығар. Маған да қызық. Меніңше, ол Португалия ұлттық құрамасына жетекшілік етуі мүмкін. Мұндай жағдай 2016 жылы Еуропа чемпионатында орын алған еді.
Роналдудан болашақ мықты бапкерді көремін. Бәлкім, расымен бапкерлік жолды таңдайтын шығар. Егер бұл жолмен жүретін болса, онда оған міндетті түрде "Манчестер Юнайтед" немесе "Реал Мадрид" секілді ұлы командалар назар аударады,- деді Оуэн.
Роналдуның саудиялық клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жоспарланған.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын