Головкиннің бапкері енді ұлттық құраманы жаттықтырады instagram.com/olympickz

Геннадий Головкинді жаттықтырған ол ұлттық құрамаға көмектеседі

Геннадий Головкиннің жеке бапкерлерінің бірі, америкалық бапкер Кристофер Камачо енді Қазақстан құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді.

"Оқу-жаттығу жиынына ҰОК президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған.

Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды", - делінген Қазақстан бокс федерациясының мәлімдемесінде.

Айта кету керек, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан.

Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.