Қоржынымызда 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар
Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы үздік 50 мемлекеттің қатарына енді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бүгін, 5 қыркүйектегі нәтиже бойынша Қазақстан спортшылары Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде 46-орынға жайғасқан. Ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.
Көршілес Өзбекстан 6 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль иеленіп, тізімнің 12-сатысына табан тіреген.
Қытай 62 алтын, 46 күміс, 27 қола медаль еншілеп, жеке дара көш бастап келеді. Ұлыбритания құрамасы 33 алтын, 25 күміс, 16 қоланы қанжығасына байлап, екінші орынға тұрақтаса, АҚШ спортшылары 25 алтын, 26 күміс, 12 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?