Еліміз Паралимпиада-2024 ойындарында үздік бестікті қорытындылады

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама спортшылары ел намысын қорғады

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада-2024 ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы үздік бес мемлекеттің қатарынан көрінді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бесінші орын үшін таласта ел спортшылары Бразилия құрамасымен кездесіп, оларға 25:19, 25:18, 25:19 есебімен тойтарыс берді. 

Айта кетейік,  Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.