Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде ел намысын қорғауда
Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
1/8 финалында 92 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Оралбай украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен күш сынасты. Айбек жекпе-жекті бірінші раундта нокаутпен аяқтап, айқын жеңіске жетті.
Енді 2 қазандағы ширек финалда Оралбай Түркиядан келген Айдемир Угурмен кездеседі.