Франциялықты өз жерінде ұтып кеткен Ақмарал не дейді? Нұрғали Жұмағазы. Суретте: Ақмарал Науатбек

Ол Паралимпиада чемпионы атанды

Пара дзюдодан Париждегі жазғы Паралимпиаданың чемпионы Ақмарал Науатбек финалдан кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Мен өте қуаныштымын. Әрине, қатты қобалжыдым. Қарсыласым өз елінде күресті. Өздеріңіз де оған деген қолдау қандай болғанын естіген шығарсыздар. Бірақ мен қорқынышымды жеңе білдім, алтын ұтқаныма өте қуаныштымын.

Бұл қарсыласым маған бұрыннан таныс, әлем чемпионатында кездескен едім. Ол физикалық тұрғыдан өте қиын қарсылас", – деді Ақмарал Науатбек Qazaqstan телеарнасына берген cұқбатында.