"Орыстар бізге қызыға қарайды": Ермұхамед Мәулен ақиқатын айтты Фото ашық дереккөзден. Суретте: Ермұхамед Мәулен

Ахмет Қанатұлы

6 қыркүйек, 2024

326

Белгілі комментатор біздің ерекше тұсымызды ашық айтты

Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қазақ футболының даму қарқыны мен Ресей спорт мамандарының бізге қызығушылықпен қарап отырған айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

“Матч Тв” арнасына сұқбат бердім. Ресей еліне Қазақ футболы қатты қызық. Өйткені, біз Еуропаны таңқалдырып, Ұлттар лигасындағы тобымызды жеңіп, ЕУРОға барайын барайын деп қалдық. Оларда осының ешқайсысы да жоқ. Сондықтан, бізге қызыға қарайды. Соңғы 2,5 жылда Қазақ футболы қалай дамып кетті деп сауал қойып жатыр. Енді міне, Қазақстан - Норвей матчы жайында 30 минут студиялық бағдарлама жасамақшы", – деді Ермұхамед Мәулен Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы матч бүгін, 6 қыркүйекте Алматыда өтеді.