Желі қолданушысының айтуынша, оның жағдайын ешкім елемеген
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қауіпсіздігін күшейтуге келген сарбаз комаға түсті, деп Dopmedia.kz тілшісі Massaget.kz сайтына слітеме жасап хабарлайды.
Аталған ақпаратты алғаш болып Facebook желісінде Алма Сайлауқызы есімді қолданушы жазды.
«Көшпенділер ойынына «усиление» үшін келген жігіт тұрған жерінде құлап, комаға түсіпті. Жаңбыр астына таңнан кешке дейін тұрған сарбаз командиріне бірнеше күн бойы қызу көтеріліп тұрғанын айтса да, тәртіп солай деп елемеген», – делінген Сайлауқызының жазбасында.
Massaget.kz сайтының мәліметінше, аталған ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.
«Қазіргі таңда мән-жай анықталып жатыр, қосымша ақпаратты хабарлаймыз», – деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова.
Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері Астанада Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Алдын ала болжам бойынша, ойынға 2430 қатысушы, 100 мыңға жуық турист келеді.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?