Қазақстан – Норвегия матч қарсаңында дау туындады
Допинг-офицерлер Норвегия құрамасының бақилық болған футболшыларын таба алмай дал болған, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Норвегияның антидопингтік агенттігі бірер күн бұрын құрама жаттығатын лагерьге аяқ басқан. Олар тізімге еңген футболшылардың тыйым салынған дәрілерді қабылдағандығына тексеріс жасады. Қызықтың көкесі Йорген Юве мен Эйнар Гундерсонға келгенде басталды. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарында бақилық болған футболшыларды допингке тексеруге келгенде офицерлер тығырыққа тірелгендігіне көз жеткізді.
"Сөйтсе, елдің футбол федерациясы антидопингтік агенттікке құраманың қазіргі тізімінен қоса, Норвегия тарихының үздік сұрмергендері тізімін қосып беріпті. Ал оның ішінде Йорген Юве мен Эйнар Гундерсон бар еді. Футболдан хабары болмаған азаматтар ештеңеге назар аудармай табытта жатқан адамдарды тексеруге келген", – деп жазады Aladop басылымының әлеуметтік желідегі парақшасы.
Айта кетейік, Юве Новергия сапында 33 гол соққан, ал Гундерсон болса, 26 голмен үздік сұрмергендер қатарында.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)