Дәл қазір Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының ашылу салтанаты өтуде
Бүгін, 8 қыркүйек күні еліміздің елордасы Астана қаласында Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының ашылу салтанаты өтуде. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ресми іс шараға 3000-ға жуық әртіс қатысуда. Алдағы 2 сағатта көрермендерді жарқын шоу-программа күтіп тұр десек артық етпес.
Мемлекеттердің ту көтеру шеруін Қырғызстан Республикасы бастады.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.