Дүбірлі доданың ашылу салтанаты «Астана Арена» кешенінде өтті
Бүгін, 8-ші қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Ресми ашылу салтанатына 3000-ға жуық өнерпаз қатысып, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді.
Салтанатты шараның көші қатысушы мемлекеттердің туын таныстырумен басталды. Ал, мерекелік концертті Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тамамдады.
Іс шара барысында әлемге белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де ән салды.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?