"Ұяттарың қайда өзі": Мақпал Жүнісова соттасатынын айтты instagram.com/zhunusova.makpal

Мақпал Жүнісова кіммен соттаспақшы?

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарға ашуланды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Өнер иесі ешқандай тұрмыс құрмағанын жеткізді. 

“ТикТокта аузы қышып отырған қыздар мен жігіттер, сендер кімсіңдер? Мені "Күйеуге шықты" деп ойбай салып жатыр екенсіңдер. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймыз деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой. Ойларыңа келгенді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап, соттасамын", – деді әнші.

Cондай-ақ эстрада жұлдызы жүрегінің бос екенін айтып, оқырман қауыммен сырласты. 

“Ешкімге ренжігім келмейді. Бірақ сөздері сүйектен өтеді. Жанымды жаралайды. Бүгінде ешкімге ғашық емеспін. Жаңалықтың бәрі жалған”, – деп жауап жазды халық әртісі. 

    Көп оқылды: