Қазақстан құрамасы Словенияны сан соқтыра ала ма?
Бүгін, 9 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Словениямен кездеседі, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазақстан мен Словения құрамалары биылғы Ұлттар лигасы турнирінің В дивизионында өнер көрсетеді. Алғашқы турда Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең тарқасса (0:0), Словения мен Аустрия да ұпай бөлісті (1:1).
Бүгінгі матч Қазақстан құрамасы үшін маңызды, себебі осыған дейін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде ұлттық құрама екі мәрте жеңіліс тапқан еді (1:2, 1:2). Ал осы жолы жігіттер есе қайтаруға келді.
Словения ұлттық құрамасының қорғаушысы Петар Стоянович баспасөз мәслихатында алдағы ойын туралы өз ойын ортаға салған болғатын.
«Бізде әрдайым бірдей ойын қағидалары бар. Бірақ кейбір қарсыластар сізге алаңда ойнауға мүмкіндік береді, ал басқалары бермейді. Біз Аустрияға қарсы кездесуде де ойынға толықтай үстемдік еткіміз келген, бірақ кейде мықты қарсыластармен ойында жақсы нәтиже үшін шыдамдылық таныту қажет болады. Қазақстан құрамасымен кездесуде де кейбір сәттерде сабыр сақтап, төзімділік танытуымызға тура келуі мүмкін. Біз допқа 90 минут бойы иелік етіп, шабуылдарды бірінен соң бірін жасай береміз деп ойламау керек. Әрине, біздің мақсатымыз – жақсы ойын көрсету және қарсыласымызды соған бейімделуге мәжбүрлеу. Бірақ ойын алдында жасаған жоспарлар әрдайым ойдағыдай бола бермейді. Біз алаңда жаттықтырушымыздың айтқанын орындауға бар күшімізді саламыз. Бәрі жақсы болады деп сенемін және біз оң нәтижеге қол жеткіземіз», – деді Стоянович матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Словенияда өтетін ойын бүгін сағат 23:35-те басталады.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)