Дарын Өткелбай аударыспақтан үш дүркін чемпионы атанды

Ол 80 келі салмақта сынға түсті

Аударыспақтан 80 келі салмақта сынға түскен Дарын Өткелбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz сайтының тілшісі «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі. Бүгін аударыспақтан Ермек Құралбай мен Алмат Ләтіпбек те алтын медаль алды.