Қартаймайтын Илон Масктың анасы Қазақстанға келе жатыр Ашық дереккөзден алынған

Мэй Маск қазан айында Алматыға келеді

Әлемге әйгілі миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск іс-сапармен қазан айында Қазақстанға келеді,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Ол 17 қазан күні Алматыда өтетін Ортаазиялық "BeWoman" атты әйелдер форумына қатысады. Мэй Маск форумда денсаулық, тамақтану, гендерлік теңдік тақырыптарында сөз қозғайды.

Сонымен қатар, елімізге бұл форум аясында 2500-ден астам қонақ келеді деп жоспарлануда.