Қазақстандық футболшы дебюттік голын соқты
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық «Силькеборг» футбол клубы сапындағы дебюттік гол соқты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Даниялық «Силькеборг» футбол клубы оқу-жаттығу жиыны барысында «ПЕК Зволле» командасына қарсы кездесу өткізді.26 жастағы қазақстандық 31-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындап, өзінің алғашқы голын соқты.
Ойын нәтижесі 3:1 есебімен даниялық клубтың пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетейік, Рамазан Оразов биылғы жылдың маусым айының соңында «Ақтөбеден» кетіп, даниялық «Силькеборгтың» футболшысы атанды.
21 шілдеде қазақстандық футболшының жаңа командасы Дания Суперлигасының бірінші турында «Сеннерьюскке» қарсы матч өткізеді.