Боксшы Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады
Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпионы боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында болады.
«Сенбінің кешінде жылдам нокаут болады, иншаллах. Сондықтан жекпе-жектен кейін не істейтіндеріңді жоспарлай беріңдер», – деп жазды қазақ боксшысы X желісіндегі ресми парақшасында.
Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерінің иегері атанған болатын.
Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шықты. Ол венесуэлалық Эдисон Сальтаринмен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.