Қазақстан құрамасының жалпы құнына неше Iphone 16 сатып алуға болады? kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы және Iphone 16

Кеше Iphone 16-ның таныстырылымы өтті

Кеше, 9 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда Словенияға қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Словенияда өткен ойында Қазақстан ұлттық құрамасы 0:3 есебімен есе жіберіп алды. Сондай-ақ кеше Iphone 16-ның таныстырылымы өтті. Осы орайда Dopmedia.kz тілшісі ұлттық құраманың жалпы трансферлік құнына қанша Iphone 16 сатып алуға болатынын тексеріп көрді.

Iphone 16 смартфонының бастапқы бағасы

Iphone 16 (128 ГБ) смартфонының бастапқы бағасы – 799 АҚШ доллары.

Ал Transfermarkt порталының мәліметінше, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының трансферлік жалпы құны 19,8 миллион еуроны құрайды. Ал құрамадағы ең қымбат ойыншы – Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», 5 миллион еуро).

Егер шамамен есептейтін болсақ, ұлттық құраманың жалпы трансферлік құнына 27 348 дана Iphone 16 сатып алуға болады.