Мырзағали Айтжанов қазақ чемпионына қолдау көрсетуде
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге жаттығу жасады, деп Dopmedia.kz тілшісі боксшының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
ІBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) алдағы кездесуіне байланысты жаттығуын бастады. Қазіргі таңда боксшымыз АҚШ-қа кетпей, жаттығу жұмыстарын елімізде өткізуде.
Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спаррингтер өткізген видеосын жариялады. Ал оның спарринг қарсыластары Мырзағали Айтжановтың жас шәкірттері болды.
"Жігіттердің боксы зерттеп жүрген қарсыластарымыздың тактикасына келеді екен. Мырза ағайдың мектебі десек те болады. Мырза ағай секілді қатты ұрады екен", – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Мырзағали Айтжанов та қазақстандық боксшыға сәттілік тілеп қолдады.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)