Көкпардан қазақ пен қырғыздың текетіресін қайдан көруге болады? Фото ашық дереккөзден. Суретте: көкпардан Қазақстан құрамасы

Ертең, 12 қыркүйекте қазақ пен қырғыз өзара мықтыны анықтайды

Бүгін, 11 қыркүйекте көкпардан Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресей командасын жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Елордадағы "Қазанат" ипподромында өткен бәсекеде қазақ көкпаршылары 18:2 есебімен басым түсті. Ал Қырғызстан көкпаршылары Түркияны 15:1 есебімен ойсырата жеңген еді

Енді Қазақстан құрамасы ертең, 12 қыркүйекте финалда Қырғызстан құрамасына кездесу өткізіп, өзара мықтыны анықтайды. Бұл ойын сағат 11:30-да басталады. Тікелей эфирді Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.