Қазақ көкпаршылары қырғыздарды әділ жеңді ме? (видео) Фото ашық дереккөзден

Қырғыздар ренішін білдірді

Бүгін, 12 қыркүйекте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда көпшілік Қазақстанның бұл жеңісіне күмәнмен қарап жатыр.

Көкпар ойыны барысында төрешінің қателігі, қазақ спортшысының қырғыз көкпаршысын қамшымен ұрып жіберуі секілді дүниелерді айтқан жанкүйерлер Қазақстанның жеңісі әділ емес деп сын тағып жатыр.

Тіпті, марапаттау рәсімі кезінде қырғыз көкпаршылары медальдерін мойындарынан шешіп кетіп қалды.