Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар

Жарыс 8-11 қыркүйек аралығында өтті

Жамбы ату бойынша жалпы есепте қазақстандық садақшылар 1 орында,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Жамбы атудан жарыс аяқталды.
Жарыс 8-11 қыркүйек аралығында төрт стиль бойынша өтті: қазақ, венгр, түрік және корей.

Жалпы медальдық есепте қазақстандық садақшылардың қоржынында 6 медаль: 2 алтын, 2 күміс және 2 қола.