Черчесов ұлттық құрамаға не жетіспегенін айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы 0:3 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында командасының шабуылдағы ойынын бағалады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Менің пайызға байланысты білімім ешқашан жақсы болған емес, мектепте де солай еді. Сондықтан нақты жауап бере алмаймын. Біз шабуылда өте аз ойнадық. Кей сәттерде қарсылас бізден басым болды. Мүмкіндіктерге ие болу үшін көбірек прагматик болуымыз керек. Қорғаныстан шығу кезінде допты жоғалтып алдық, біз одан көп үміт күткен футболшылардан бұл қателіктер кетті", – деді Станислав Черчесов.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Люблянада Словениядан 0:3 есебімен ұтылды. Алаң иелері сапында Беньямин Шешко хет-трик жасады. Айта кетсек, соңғы екі матчта Қазақстан құрамасы қақпаға тек екі соққы жасай алды.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?