Әділет Барменқұлов ұлттық құрама жайлы пікір білдірді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың соңғы екі ойындағы нәтижесі мен бас бапкер Станислав Черчесов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Ұлттар Лигасындағы қай дивизионда доп тебетінімізді жақсы түсінеміз. Сонымен қатар, ӘЧ-2026-ға іріктеу турнирінің қарсаңында өз күшімізді бағамдау маңызды болатын. Енді осал тұстарымызды анықтай түстік, әсіресе, Черчесов өзіне пайдалы дүниелерді түртіп алды. Бас бапкер команданың әлсіз-мықты тұстарын байқап, тиісті қортындылар жасайды. Кәсіби-басқару тұрғысынан айтқанда мен үшін де бас бапкердің осындай тәжірибе алғаны маңызды еді. Амбициясы жоғары ер-азамат ретінде барлығымыз да жеңіске жеткіміз келеді, ал ұтылу ешкімге де қызық емес. Сондықтан, кәсіби көзқарас тұрғысынан өткенді дұрыс бағамдайтын жағдай орын алды деп есептеймін. Сондай-ақ, біздің қарымта ойында Словенияны ұтатынымызды қоса кеткім келеді", – деді Әділет Барменқұлов.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясында ұлттық құрамамыз Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, сырт алаңда Словенияға 0:3 есебімен жеңіліс тапты.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)