Футзалдан Қазақстан – Испания матчы қалай өтті?
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Испаниямен тең түсті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Испаниямен тең нәтижені тіркеді.
Матчтың 5-секундында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов гол соқты. Ал ойынның 17-минутында испаниялық Хесус Гордильо есепті теңестірді.
Ал ойынның бірінші бөлігінде қазақстандық ойыншы Дәурен Тұрсағұлов қарсыласқа қарсы дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттен кейін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына жанкүйерлер төрешілерге қатысты түрлі сын-пікірлерді қалдырды.
"Игитаны тауып, елге алып келген адамға рақмет"; "Бәріміз жиналып панамалық төрешіге көзілдірік әперейік"; "Жігіттер, жарайсыңдар".
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?