Еліміздің Ұлттық спорт орталығы жауап берді
Қырғызстан Республикасының көк бөрі федерациясының мамандары Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл маңайында көкпар мен көк бөріден турнир өткізуді ұсынған болатын. Қазақ спортшылары Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қырғызстан тарабы қазақ көкпаршыларына 1 қарашада Келісім кубогын өткізуді ұсынып, шақырту жіберген еді. Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының өкілдері шақыртуды алғанын айтты.
"Шақырту хат енді келді. Шақыртуға барамыз немесе бармаймыз деп үзілді-кесілді кесіп айтуға ерте. Көкпарға шабатын жылқылардың жағдайын, көкпаршылардың жағдайын біліп алу керек, оларға реабилитация керек пе, жоқ па? Жалпы, қырғыз ағайындарға ресми жауап беріледі", – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мамандары.
Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)