Оның Бразилиядан Қазақстанға келгеніне 25 жылға жуықтады
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Испанияға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Матчтың басталғанына небәрі бес секунд өткенде, қазақстандық шабуылшы Біржан Оразов есеп ашты. Алайда 17-минутта испаниялық футболшы Хесус Гордильо есепті теңестірді.
Ойын соңында Испания құрамасының бас бапкері Феде Видаль матчқа қатысты пікір білдіріп, Қазақстанның мықты қарсылас болғанын атап өтті.
"Ойыннан кейінгі әсерлеріміз жақсы, себебі қарсыласымыз өте күшті болды. Матч басында гол жіберіп алғанымыз бізге сәтсіздік болды, бірақ одан кейін ойынға толықтай үстемдік еттік. Бізге тек жеңіс голы жетіспеді, ал қазақстандық қақпашы Игита керемет ойнады", – деді Видаль.
Бұл кездесудің нәтижесінде, D тобында Испания мен Қазақстан құрамалары 2-3 орындарды бөлісіп тұр. Топтың көшбасшысы болып, алғашқы ойында Жаңа Зеландияны жеңген Ливия құрамасы шықты.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?