Ойыншымыз жарақатынан айыға алмай келеді
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов команданың әлем чемпионаты аясында Ливияны жеңгеннен кейін ойын туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Бұл ойын біз үшін өте қиын болды. Бас бапкер Кака айтқандай, Ливия құрамасы турнир кестесінде бірінші орында тұрды. Олардың мықты мінезі байқалды, бізге оңай болған жоқ. Біз үшін ең бастысы – үш ұпайды алу еді. Бұл мақсатымызды орындадық. Енді алдағы ойындарға дайындаламыз.
Өзімнің ең үздік ойынымды көрсете алдым деп ойламаймын, себебі жарақатымнан әлі толық айыққан жоқпын. Дегенмен, жанкүйерлер мені үздік ойыншы деп таңдағанына өте қуаныштымын", – деді Альберт Ақбалықов.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар Ливия құрамасын 4:1 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, D тобының турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Командаға енді 21 қыркүйекте Жаңа Зеландиямен топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?