Әбиба өз салмағының үздіктерінің қатарына ойысты
Париж Олимпиадасының қатысушысы, қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі IJF-тің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
48 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды. Рейтингтің көшін моңғолиялық Баасанху Бавуудорж (7286 ұпай) бастап тұр. Әбиба Әбужақынова (5778 ұпай) төртінші орында орналасса, рейтингтің бесінші сатысын франциялық дзюдошысы Ширин Букли (5710 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, дәл осы салмақ дәрежесінде өнер көрсететін парадзюдошы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанған еді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)