Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі Аустралияда өтеді
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) келесі жекпе-жегін 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) өткізеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерін әлі жеңіліс таппаған Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) кездесуінде сарапқа салады. Боксшылар жекпе-жекке қатысты келісімшартқа қол қойды.
Айта кетейік, екі боксшының арасындағы жекпе-жек биыл 13 шілдеде Лас-Вегаста өтуі тиіс болатын, бірақ қазақстандық спортшының денсаулығына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген еді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)