Терминдерді түсіну жанкүйерлерге ойынның қыр-сырын тереңірек ұғынуға көмектеседі.
Футбол – тек қана ойын емес, бүкіл әлемге ортақ тіл. Бұл спортта әрбір әрекет белгілі бір терминмен аталады, ал сол терминдердің мәнін түсіну жанкүйерлерге ойынның қыр-сырын тереңірек ұғынуға көмектеседі. Төменде футболдағы ең танымал 10 терминнің мағынасы айтамыз, бұл матч кезінде айтылатын терминдерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
1. Офсайд
Офсайд – бұл шабуылшының қарсылас қақпасына өте жақын орналасуы. Дәл пас беру сәтінде ойыншы доп пен соңғы қорғаушыдан алда тұрса, офсайд болып саналады. Бұл жағдай ойын ережелерін бұзу ретінде қабылданып, қарсылас командаға еркін соққы беріледі.
2. Хет-трик
Хет-трик – бір ойыншының бір матч барысында үш гол соғуы. Футболшының шеберлігін көрсететін бұл жетістік ерекше аталып өтіп, кей жағдайларда оған сыйақы да беріледі.
3. Дриблинг
Дриблинг – допты қарсыластардан қорғап, оны алып жүру шеберлігі. Ойыншы қарсыластарын айналып өтіп, дәл соққы жасау мүмкіндігін табуға тырысады. Мұндай шеберліктің классикалық үлгісін әйгілі Лионель Месси мен Неймар көрсетеді.
4. Пенальти
Пенальти – ойын ережелері бұзылған жағдайда тағайындалатын 11 метрлік айып добы. Қақпашыға қарсы бір ойыншы соққы жасап, оны голға айналдыруға тырысады. Бұл сәт матч тағдырын шешетін маңызды факторлардың бірі.
5. Фол
Фол – қарсыласқа қате әрекет жасау. Бұл допты алу үшін күш қолданудан бастап, ойыншыға қасақана кедергі келтіруге дейінгі кез келген ереже бұзушылық болуы мүмкін. Әрбір фол үшін төреші қарсыласқа айып добын береді.
6. Ассист
Ассист – голға жағдай жасап, шешуші пас берген ойыншының әрекеті. Бұл футболшы гол соқпаса да, командалық ойынның маңызды бөлігін атқарады. Әсіресе, пас беруден шебер ойыншылардың жетістігі ассистпен өлшенеді.
7. Контратака
Контратака – қарсыластар шабуыл жасағанда олардың қорғанысы әлсіреп қалатын сәтті пайдалану. Жылдам шабуыл арқылы қарсылас қақпасына тез жетіп, гол соғуға мүмкіндік бар. Контратака жылдамдықты және дәлдікті қажет ететін тактика.
8. Форвард
Форвард – шабуыл шебіндегі ойыншы. Негізгі міндеті – қарсылас қақпасына гол соғу. Бұл позицияда ойнайтын ойыншылар көбінесе жылдам және күшті соққы жасай алатындар.
9. Голкипер (Қақпашы)
Голкипер – қақпаны қорғаушы ойыншы. Оның басты мақсаты – қарсыластың допты қақпаға соғуына жол бермеу. Қақпашы алаңдағы жалғыз ойыншы болып, қолмен ойнауға құқығы бар.
10. Корнер (Бұрыштама)
Корнер – допты қорғаушы команда ойыншыларының біреуі өз қақпасы сызығынан сыртқа шығарғанда тағайындалатын бұрыштама. Бұрыштамадан кейін шабуылшы команда қақпа алдында гол соғуға мүмкіндік алады.