Пайдалы деп саналатын тағамдар іс жүзінде зиян, ал зиян деп білетін тағамдар пайдалы болуы мүмкін.
Пайдалы өнімдер туралы ең танымал мифтерді жоққа шығарып, шынымен пайдалы тағамдарды анықтайық.
1. Миф: сүт өнімдері зиян.
Ең көп таралған мифтердің бірі - сүт, йогурт және ірімшік сияқты сүт өнімдері ағзаға зиян және ас қорыту, тері мәселелерін, тіпті аллергия тудыруы мүмкін. Дегенмен, көптеген адамдар үшін сүт өнімдері - кальцийдің, В дәрумендерінің және ақуыз көзі. Әрине, лактозаға төзбеушілік немесе сүт аллергиясы бар адамдарға бұл қийындық тудыруы мүмкін, бірақ сау адамдардың көпшілігі үшін олар өте пайдалы.
2. Миф: глютенсіз диета - денсаулық кепілі.
Соңғы жылдары глютенсіз диета сәнге айналған секілді. Көпшілік целиак ауруы немесе оған сезімталдық болмаса да, құрамында глютені бар тағамдардан аулақ бола бастады. Шын мәнінде, адамдар үшін глютен қауіпті емес және ауру тудырмайды. Керісінше, бидай наны, сұлы және қара бидай сияқты тұтас дәндерде глютен бар болғанмен, ол витаминдер мен минералдарға толы.
3. Миф: дәрумендер мен минералдар тек көкөкінстерде бар.
Көкөністер, әрине, диетаның маңызды бөлігі, бірақ олар витаминдер мен минералдардың жалғыз көзі емес. Жемістер, жаңғақтар, дәнді дақылдар, балық, ет және сүт өнімдері де сіздің денеңізге қажетті қоректік заттарға бай.
4. Миф: жемістерді шексіз мөлшерде жеуге болады.
Жемістер, әрине, пайдалы, бірақ оларды шексіз мөлшерде жеуге болмайды. Көптеген жемістерде қанттың көп мөлшері (мысалы, жүзім, банан, манго) бар, олар шамадан тыс тұтынылған жағдайда салмақтың көбеюіне және қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан қандағы қанттың кенеттен көтерілуіне жол бермеу үшін тұтынылатын жемістердің мөлшерін бақылау қажет.
5. Миф: сұлы жармасы тез арықтауға көмектеседі.
Сұлы - пайдалы тағам, бірақ ол салмақ жоғалтуға арналған сиқырлы құрал емес. Сұлы жармасы ас қорытуды жақсартуға және қандағы қантты бақылауға көмектесетін талшыққа бай болғанымен, ол майды өздігінен жоймайды. Салмақ азайту үшін сұлы майын физикалық белсенділікпен біріктіріп, калория мөлшерін бақылау керек.