Қазақстан көкпар федерациясы аталмыш жағдайға пікір білдірді
Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстанда өтетін турнирге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Қырғызстан көк бөрі федерациясының тарапы 1 қарашада өтетін турнирге шақырғаны туралы: көпшілік бұны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалы бойынша қарымта кездесу деп ойлап отыр. Қырғызстан тарапы ашық тунирге қатысуға шақырыпты. Ескере кететін жайт, бұл турнир біздің күнтізбелік жоспарымызда жоқ. Ол уақытқа өзіміздің өзге турнирлеріміз қойылған.
Алдағы уақытта Қырғызстан тарапы көкпардан әлем чемпионаты немесе халықаралық турнирлерге шақырған жағдайда диалог жүргізуге әзір екенімізді жеткіземіз. Көпшіліктің екі ел арасындағы қарымта кездесуді күтіп отырғаны көкпар спортына деген қызығушылықтың артқанын білдіреді. Бұл қуантарлық жағдай. Ұлттық ойынымыздың деңгейі бір саты көтерілгендігінің белгісі ретінде қабылдаймыз», – делінген Қазақстанның көкпар федерациясының мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)