Бас бапкер Рикардо Кака ойын туралы өз пікірін білдірді
Кеше, 26 қыркүйекте Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Португалияны 2:1 есебімен жеңді. Осы ойын туралы бас бапкер Кака өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Шынымды айтсам, бүгінгі жағдайды бұрын-соңды сезінбеппін. Жеңілістер де, жеңістер де болды, бірақ дәл бүгінгідей сезім бұрын болмаған. Қазір не болып жатқанын толық түсіне алмаймын. Тек бір нәрсені білемін – біз әлі ештеңе ұтқан жоқпыз. Біз тек бір кезеңнен өттік. Әрине, қуануымыз керек, футболшылар да қуануы керек, бірақ бұл сәтті сабырмен қабылдап, келесі қарсыласқа дайындалуымыз қажет. Бірақ мен алғыс білдіргім келеді – бұл жеңіс тек біздің командаға ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына тиесілі жеңіс, бұл Өзбекстанның да жеңісі – олар біздің бауырларымыз, біз осында өз үйімізде ойнағандай сезінеміз. Сондай-ақ, көптеген бразилиялық жанкүйерлерді де айтпай кетуге болмайды, біз Бразилиядан үлкен қолдау алдық. Әрине, тек Бразилиядан ғана емес, бүкіл әлемнен қолдау көрдік. Барлығы бізге өз энергияларын жіберді. Сондықтан, бұл әлем чемпиондары сияқты жоғары деңгейлі командаға қарсы жақсы жеңіс болды. Мен тіпті Португалия бапкерімен сөйлестім: «Сенесіз бе, бүгін біреуіміз үйге қайтуымыз керек еді». Екі команда да керемет жұмыс атқарды, екі бапкер де. Бірақ бүгін Португалия шығып қалды. Қазақстанның күресті жалғастырып жатқанына қуаныштымын», - деді бас бапкер Рикардо Кака.
Қазақстан құрамасы 1/4 финалдық кезеңде Аргентина немесе Хорватия ойынының жеңімпазымен ойнайды. Матч 30 қыркүйекте Ташкентте өтеді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)