Қазақ боксшыларын кімдер жаттықтырады?
Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында команданың жаңа бапкерлік құрамы жарияланды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазіргі таңда ұлттық құрамамен Қайрат Сәтжанов бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс істеп жатыр. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.
Қазіргі бапкерлік құрам төмендегідей:
Қайрат Сәтжанов – бас жаттықтырушы;
Асқар Еркебаев – аға жаттықтырушы;
Жаттықтырушылар: Ілияс Оралбеков, Нұркен Андасов, Азамат Мақажанов, Талғатбек Жакпеков, Нұржан Насанов.
Cондай-ақ қазір Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесіп жатыр.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)