Максим Самородов «Ахмат» үшін ойын өткізді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы мен «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов өзінің жаңа клубының сапындағы алғашқы голынан кейін әсерімен бөлісті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Самородов Ресей кубогының төртінші турында «Пари НН» командасына қарсы есеп ашты.
«Бұл голды қалай сипаттайтынымды да білмеймін. Асыра сілтеп мақтайтын да гол емес негізі. Бұл жерде Талалдың көмегінсіз ешнәрсе болмас еді. Біз онымен бірге бұрыннан бері жаттығып жүрміз»,- деді Максим.
Самородов грозныйлық «Ахматпен» 2028 жылдың 30-шы маусымына дейін келісімшарт жасасқан болатын.