«Көңілім мүлде толмады» — Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері КФФ

Қазақ жігіттері жаңа зеландиялық қарсыластарын 10:0 есебімен жеңіп кетті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионаты аясында Жаңа Зеландия командасымен кездесті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Vesti.kz сайтының сұқбатына сілтеме жасап. 

«Менің көңілім толмады. Біріншіден, біз топ кестесінде көш бастаймыз деген мақсатымызға жете алмадық. Сонымен қатар, потенциалымызды іске асыра алмағанымызға да көңілім толмады. Біз бүгінгі ойында көрсеткен нәтижемізден екі есе жоғары нәтиже көрсете алатын едік. 

Көңілім толмайды енді…Оның үстіне Игитаны да плей-офф ойындарына жоғалтып алдық. Енді, бұл жайтты ұмытып, жаңа қарсыласымызға дең қоюымыз керек. Әлі кіммен ойнайтынымыз да белгісіз»,- деді бас бапкер Рикардо Кака. 

Ұлттық құраманың келесі ойыны 26-шы қыркүйек күні өтеді.