Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша іс жүргізіліп жатыр?
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттарға берген жауабында Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың ісі бойынша қылмыстық кодекстің нақты қандай баптары бойынша іс қозғалғанын хабарлады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Ержан Сәденовтың хабарлауынша, Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің:
99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру)
293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық)
115-бабы (қорқыту)
432-бабы (қылмысты жасырып қалу)
434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр.
Тергеу барысын министрдің өзі жеке бақылауына алған. Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)