Дэниэл Дюбуа мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жекте Дюбуа бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Александр Усик бұл нәтижені күтпеген жағдай деп бағалады. Ол Джошуа жеңеді деп ойлағанын айтты.
Британдық IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Дюбуа мен ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек Лондонда өтті. Кездесудің бесінші раундында Дюбуа Джошуаны нокаутқа жіберіп, чемпиондық атағын алғаш рвет сәтті қорғады.
Бұл жекпе-жекке қатысты WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик өз пікірін білдірді. Усик Джошуа жеңіске жетеді деп күткенін айтты.
«Мен Джошуа жеңеді деп ойладым. Бірақ бұл бокс, және мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Энтони жеңеді деп күткен едім», — деді Усик.
Осылайша, Усик жекпе-жек нәтижесіне таңғалысын жасырмады.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)